«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жүз ұстаздың аты аталды

0 152

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында қаладағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген педагогтарды марапаттаған салтанатты кеш өтті.

Әсем шуаққа толы кештің шымыл­дығын Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин ашып, елор­дадағы білім саласының жетіс­тіктеріне қыс­қаша тоқталып, ұс­таздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты шара барысында білім жолында талмай еңбек етіп, саналы шәкірт тәрбиелеген жүз ұстаздың аты аталып, оларға ҚР Білім және ғылым министрлігі мен қалалық Білім басқармасының құрмет грамотасы және алғыс хаты тапсырылды.
Кеш соңы думанды концертке ұласты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды