ЖҮЗ МЫҢДАЙ АДАМ ҚАТЫСПАҚ

0 112

IMG_4722

Астана қаласы аумағында 7 сәуір мен 7 мамыр аралығында санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөнінде көктемгі экологиялық айлық өткізу жоспарлануда.

Экологиялық айлық аясында қала аумағын санитарлық тазалау, көшелер, тротуарлар мен аудан аулаларын ретке келтіру, Есіл өзені арналарын, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ арналарын қоқыс пен тұрмыстық қалдық­тардан аршу, арықтардағы кәріз жүйесін тазалау көзделуде.

Ал 19 сәуірде  «Біз таза қалада тұрамыз!» жалпы қалалық сенбілік өтеді.

Оған 8500 кәсіпорын мен ұйым, 170 оқу орны, 360 ПИК, жалпы 93000 адам және 450 техника жұмылдырылмақ.

Астана қаласы әкімі ап­па­ратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қалалық Табиғи ресурстар мен табиғат пайда­лануды реттеу басқармасы биылғы сенбілікте 2700 көшет отырғызуды жоспарланып отыр. Атап айтқанда, «Алматы» ауданында – 1000 ағаш (Қалдаяқов және 46 көше­ле­рінде), «Есіл» ауданында – 1500 ағаш (Жәнібек және Керей хандар, Тұран даңғылы мен Еңбекшілер көшесіне дейін), «Сарыарқа» ауданында – 200 көшет (Тілендиев көшесінде) отырғызылмақ.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 3 =