ЖУСАН ИІСІН СЕЗІНДІ

0 121

vystavka-zapah-polyni

Астананың Мәскеудегі мәдени күндері аясында «Жусан иісі» атты талантты отандық суретшілер мен мүсіншілердің көрмесі ашылды.

Көрменің ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып,  Мәскеуде өтіп жатқан елорданың мәдени күндері туралы сөз қозғап, қазақстандық қылқалам шеберлері мен мүсіншілердің туындылары жайында парасатты ой қозғады. Қала тұрғындарына ізгі лебізін білдірді.

Шындығында, көрмеге ұсынылған шығармалардың барлығы талантты тұлғалардың қолынан шыққан асыл дүниелер екенін қапысыз аңғарасыз. Олар кезінде  Нью-Йорк, Берлин және Бейжің сияқты ірі қалаларда өткен көрмелерде жоғары бағаға ие болған Ұлттық құнарға бай, бояуы қанық туындылардың барлығы да мәскеуліктерді ғажайып әсерге бөледі. Қазақтың кең даласы мен тұмса табиғатын картинадан көрді. Мүсіншілер жасаған түрлі бейнелер қонақтарды да бей-жай қалдырмады. Олар да «Жусан иісінің» құдыретін сезінгендей әсерде болды.

– Мәскеудегі Астананың мәдени күндері аясында қазақстандық суретшілер мен мүсіншілер ең үздік деп танылған шығармаларымызды алып келдік. Ресейліктер өте жылы қабылдап жатыр. Көрмені тамашалап, әрбір туындыға ерекше назар аударып, олардың түпкі сырына үңілуде. Әсіресе, көрмеге келушілер ұлттық колоритке бай шығармаларға қызыға қарайды,- деді белгілі суретш Сембіғали Смағұлов.  Айтулы Мәскеудің Суретшілер одағының көрме залында 2-ші қазанға дейін жалғасады.

      Азамат ЕСЕНЖОЛ

                                                                                    Мәскеу қаласынан

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − ten =