«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жұртшылықты жұмылдырған жөн

0 62

Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ауқымды іс атқарылғанын айтты.«Біз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жемқорлыққа қарсы күрес саласында жұмыс істеп келеміз. Дегенмен әлі де атқарылатын шаруа аз емес. Бұл процеске қоғамды жұмылдырған жөн. Осы бағытта әлемдік тәжірибе жеткілікті, соны зерттеуді және қолданысқа енгізуді жалғастыру керек» деді Тұңғыш Президент. Кездесуде М.Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлық қатерлерін талдау және алдын алу, сыбайлас жемқорлық саласындағы халық­аралық ынтымақтастықты нығайту шаралары туралы айтты. Сондай-ақ агенттік қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру жоспарын баяндады. Агенттік төрағасының мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда Қазақстанның Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі позициясы жақсарып, 122-ші орыннан 94-ші орынға ауысты. Елбасы сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алик Айдарбаевты және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев­ты қабылдады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды