Жұртқа қолайлы жаңа қосымша

0 26

«Отбасы банк» өкілдері жаңа қосымшада зейнетақы төлемін аудару үшін шот ашу функциясы жылдамдығы артып, жақсарғанын мәлімдеді. Банк мәліметінше, 12222 қазақстандық зейнетақы төлемін алу үшін арнайы шот ашып үлгерген. Сондай-ақ «Отбасы банк» өкілдері арнайы шотты ашу кезінде қандай да бір сұрақтар туындаса, шотты www.hcsbk.kz сайтындағы бейнеқоңырау арқылы ашуға болатынын еске салды.

Жаңа клиенттерге шот ашу туралы нұсқаулық

• Порталға кіріп, ЭСҚ-мен кіріп, жеке кабинетіңізді ашыңыз.
• Өтініш беруші қаражатты қандай мақсатта жұмсағысы келетінін таңдаңыз. Әр мақсаттың жеке құжаттар тізімі бар, оларды алдын ала сканерлеу керек.
• Пайдаланғыңыз келетін соманы көрсетіңіз.
• «Сұранысты жіберу» батырмасын басыңыз.
• БЖЗҚ-дан қаражат сұрауға қажетті үш өтінімді ЭСҚ-ға қол қойыңыз.
• Содан кейін клиент (егер арнайы шот болса) «БЖЗҚ-ға өтініш жіберу» батырмасын басады.
Қажетті соманың болуы туралы хабарлама алғаннан кейін құжаттарды жүктеуге арналған терезе ашылады. Құжаттар арнайы шотқа қаражат түскеннен кейін 45 жұмыс күні ішінде жүктелуі керек. Әйтпесе, олар БЖЗҚ-ға қайтарылады. Зейнетақы қорындағы қаржысын төмендегі үш санатқа жататын адамдар ала алады:
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге пайдалану құқығын келесі тұлғалар пайдалана алады:
• «Жеткілікті шектен» артық жинақ салымы бар жұмыс істейтін азаматтар;
• Бұрынғы жалақысының 40 пайызына тең мөлшердегі зейнетақысы бар зейнеткерлер (жинақтағы ақшасының 50 па­йызын ала алады);
• Бұрын зейнетақы аннуитетін рәсімдеп, сақтандыру қорына аударған соң да зейнетақы жинағында салымы қалған қазақстандықтар (қаражатын толық алуға құқылы).
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын уәкілетті операторға аударуды оның өтінімі бойынша электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асыратын болады. Уәкілетті оператор аударылған зейнетақы жинақтарын азаматтардың арнайы шоттарына 1 жұмыс күні ішінде есептейді. Зейнетақы жинақтары арнайы шоттарда 45 жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жатады. Осы мерзім ішінде жинақтар нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға не салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуға тиіс.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + 19 =