Жұрт жылусыз отыр

0 8

Елордадағы Қапал көшесінде орналасқан 80 пәтерлі көпқабатты үйде жылу жоқ. Күздің қара суығы басталса да, жауапты мамандар қозғалар емес дейді тұрғындар. Үйдің пайдалануға берілгеніне 5 жыл болған. Бірақ мәселе әлі шешімін табар емес.

1a5644341544f587d55da5859cc46b5b_original.97522

Нысан тіпті орталықтандырылған жылу жүйесіне де қосылмаған. Сондықтан жұрт амалсыздан электр пешін пайдалануға мәжбүр. Ал ол электр ақысын еселеп арттырып жіберген. Тұрғындар осы мәселе бойынша жауапты мекемелердің табалдырығын әбден тоздырған. Бірақ оларға құлақ асқан ешкім табылмапты. Мүліктік меншік иесі Динара Сұлтанова да сәуірден бері жылу сұрап талай есікті қаққанын айтып отыр. Одан да еш нәтиже шықпаған.

Қалалық отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов аталған тұрғын үйдің жылу орталығына қосылмайтынын, оған қарашаның соңына дейін автономды газ құбыры тартылатынын жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 9 =