«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Журналистер жеңісі

0 395

Журналистер арасында өтетін жыл сайынғы «Бірлік жаршысы» байқауы биыл Астананың 20 жылдығына арналды.

Байқауға этносаралық келісім тақырыбын терең қамтыған Қазақстанның бірқатар қа­ла­ларынан 25 материал ұсы­нылыпты. Қазақ және орыс тілінде жазылған мақалаларды қазылар алқасы екі санат бойынша анықтаған. Қазақстандық отансүйгіштік рухында тәр­биелеуге бағытталған талдамалы тұрғыдағы үздік материал бойынша Гәкку Асылбекқызы («Көкшетау» газеті), Рауан Ес­қали (ҚХА сайты) және Ермек Жұмахметұлы («Алматы ақшамы» газеті) жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін көрсетуге бағытталған «Үздік мақала» аталымы бойынша әріп­тесіміз, «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Гүлмира Аймағанбет және Венера Түгел («Егемен Қазақстан» газеті), Кальбинур Хошназарова («Ахыска» газеті) жеңіске жетті. Байқаудың барлық жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен мара­патталды. Әріптестерді бұл же­ңісімен құттықтай отырып, шы­ғармашылық табыс тілейміз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды