Жүргізушілер 100 пайыз екпе алды

0 62

Елордада қоғамдық көлік қызметкерлері 100 пайыз вакцина алды. Сонымен қатар автобустарға толығымен дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.Елордада 46 қала ішінде, 24 қала сыртына қатынайтын маршрут №1 автобус паркіне қарайды. Күнделікті 530 автобус шығып, 500 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді.

«Автопаркіміздің қала бойынша төрт орны бар. Қарамағымыздағы 778 автобус жұртшылыққа қызмет етеді. Дәл қазір негізгі кеңседе автобус жуатын екі орын бар. Мұнда күніне 300-ге жуық қоғамдық көлік жуылады. Жуылғаннан кейін міндетті түрлі дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Яғни әр автобус күніне бір рет жуылып, бір рет өңдеуден өтеді. Осыған дейін автобустар жексенбі күндері ғана тоқтатылып, дезинфекцияланатын. Енді осы аптадан бастап елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес өңдеу жұмысы сенбі, жексенбі күндері жүргізілетін болады» дейді «№1 автобус паркі» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Тілеуберген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 3 =