Жүректер үндеседі жетілгенде

0 107

Жақында Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы адамның рухани және адамгершілік дамуы бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Жүректер үндестігі» клубының кеңейтілген отырысын өткізді.

Отырысқа Астана қаласы Ба­лалар құқықтарын қорғау бас­қармасының мамандары мен қала мектептерінің өзін-өзі тану пәні бойынша «Жүректер үндестігі» клу­бының мүшелері, педагогтар қатысты.
Мақсат – өзін-өзі тану пәнін оқы­туда педагогтардың кәсіби шеберлігін қалыптастыру.
Астана қаласы Балалар құқық­­­тарын қорғау жөніндегі басқар­­масының басшысы Р.Иманғази­нова өскелең ұр­паққа руха­ни-адамгершілік тәр­бие беру­дің негізі – өзін-өзі тану пәні оқу­шылардың жеке қабі­летін жетіл­діруге әрі жеке тұл­ға ретінде қалыптасуларына зор ықпал ететіндігіне тоқталды.
Отырыс барысында «Жүрек­тер үндестігі» клубының мүшелері №55 «Қарақат» бала­бақ­шасының психологі С.Сүлей­менова мен №37 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Нұр­қабыл «Таныстыру» тақы­рыбына тренинг өткізді.
Іс-шара жұмысын одан әрі жалғастыруда.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 3 =