Жүректен – жүрекке

0 14

Елорда әкімдігінің игі бастамасымен соңғы жарты жылда «Қайырымды істер» ұранымен мұқтаж адамдарға көмек көрсету іс-шаралары тұрақты ұйымдастырылып отыр. Өткен демалыс күндері «Жүректен – жүрекке» акциясы аясында тағы да 100 отбасыға көмек көрсетілді.Қайырымдылық пен мейі­рімділікке бағытталған игілікті іс-шараларды Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен астаналық еріктілер «Жүректен – жүрекке» акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
«Жүректен – жүрекке» акциясында көпшіліктің, еріктілердің бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға және жалғызбасты жандарға материалдық көмек көрсетіледі. Азық-түлік себеттерінде балаларға арналған тәттілер, отбасыға қажетті дүниелер салынған. Біздің мақсатымыз – олардың материалдық жағдайын түбегейлі өзгертпесек те, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде аз да болса жақсы көңіл күй әрі қуаныш сыйлау» дейді акцияны ұйымдастырушы ­Алпамыс Шаримов.

Қайырымдылық акциясында 100 ерікті әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 100 отбасыға сыйлыққа толы қорапша таратты. Көмек алған астаналықтар болса қала басшылығы мен еріктілерге ризашылықтарын білдіріп жатыр.

«Әкімдік пен еріктілерге азық-түлік түрінде көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Бізді назардан тыс қалдырмай, көмек көрсеткендеріңізге рақмет!» дейді жалғызбасты ана Ақтоты Нұрланқызы.

«Бізді естен шығармайсыздар, осы жолы да көмек көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Баршаңызға амандық тілеймін!» дейді көмек алушының бірі Нұрлан Ештайлы ризашылық сенімін білдіріп.

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Қайырымды істер» шаралары аясында еріктілер, әкімдік қызметкерлері, елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, бизнесмендер мұқтаж азаматтарға, яғни көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты. Оларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді жалғастырып келеді.

Жалпы «Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында жыл басынан бері елордада 300-ден астам түрлі форматтағы іс-шара жүзеге асырылды. Атаулы әлеуметтік көмек пен қолдау 66 мыңнан астам адамға көрсетілді.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − five =