«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жүрегімді жылытады

0 151

2016 жылдың 14 қаңтарында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.

Мұндай мерекенің көктемнің алғашқы күні қазақ жерінде тойлануының себебі бар. Бұл Ассамблеяның көп жылғы ел арасын жақындатуға себеп болған қызметінің нәтижесі дер едім.
Осы жылдары ассамблеяның белсенді бір мүшесі ретінде бар күш-жігерімізді қоғамда этнос­аралық келісімді және толерант­тықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға, ел бірлігін нығайтуға жұмсап келеміз.
Қазақ бауырларымыздың топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, еліміздегі патриотизмді, этносаралық келісімді қамтамасыз ету біздің басты ұстанымыз болып отыр.
Қазақстан халқы ассамблея­сы жұмысына шолу жасап отыр­ғаным бекер емес, алғыс айту күні осы құрылымның құ­рыл­ған күніне байланып тұр.
Алғыс айту – адамзат баласы­ның жақсы қасиетінің бірі. Аллаға разылығымыз ешқашан аузы­мыздан түспеген халық­тың өкі­ліміз. Осы күні Қазақ­станда жасап жатқан өзге ұлт өкілдері­нің мемлекет құрушы қазақ хал­қына алғыс айтудың мән-мағы­насы жүректі ерекше толқытады.
Рас біздердің көбіміз, әсіресе корей, неміс, ингуш-шешен халықтары осы елге кеңестік зобалаң кезінде келді. Адам басы түгіл тұтас халықты тең­селтіп жіберген заманда құшағы кең қазақтың құшағына келіп ты­ғыл­ды. Ұлты – түрік, жаны қазақ Асылы Әлиқызы Османның айтатын жақсы сөзі бар, ол қиын кезеңде «жарты құртты жарып, бүтін құртты бөліп жеді» дегеніндей, қазақ ешкімді жатсынған жоқ. Жарты құрттың қуаты бо­йы­мызға нәр, тірлігімізге күш берген.
Сол жақсылықты көрген ана­ла­рымыздан «қазақтың алдына түспеңдер» деген аманатын біздер де құлағымызға құйып өстік.
Ал кейінгі ұрпақ ше?! Міне, бұл мереке кейінгі ұрпақ үшін керек. Тарихымыздың ақ­таң­дақ беттерін жадында сақ­­тауы үшін, тар заманда табыс­қан халықтың батыл әрекетін ұлықтау үшін, қиын-қыстау заманда да жамандыққа жақсылықпен қайтарудың не еке­нін білуі үшін қажет.

Хасан ШАРИПОВ,
Қазақстандағы өзбек
этномәдени бірлестігі
төрағасының орынбасары,
ҚХА мүшесі

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды