ЖҮРДЕК КӨЛІК ЖҮЙЕСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

0 167

photo_103248

Елордада жаңа жүрдек автобус көлігі жүйесі (БРТ) жүзеге асырыла бастады. Күні бүгін учаскелерде инженерлік желілерді, соның ішінде ұялы байланыс, электр қуатын және су құбырын жүргізу жұмыстары 20% көлемінде орындалса, құрылыс алаңдарын абаттандыру, топырақ дайындау, өндірістік, әкімшілік ғимараттардың ірге тастары үшін шұңқырлар қазу жұмыстары толық қолға алынды.

Қабанбай батыр даңғылынан Сығанақ көшесіне дейін БРТ жүйесі бағытының бойында және депо орналасатын жерде ағаштарды кесу мен көшеттерді басқа жерге отырғызу жұмысы аяқталуға таяп қалды.

Бұған дейін бірнеше рет сөз болғанындай, жаңа жүрдек автобус көлігі жүйесі (БРТ) қалалық жолаушылар көлігімен ыңғайлы және қауіпсіз жол жүруге мүмкіндік береді. Жалпы, жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсартады. Арнайы бөлінген жолақтармен жүретін жаңа жүрдек автобустар сатып алу жоспарланған. Жолдың жүретін бөлігінен бөлек жабық жолаушылар стансалары салынады.

Алдымен, әуежай, «ЭКСПО» қалашығын, «Әбу-Даби Плаза» және жаңа теміржол вокзалын байланыстыратын он сегіз  станса іске қосылады. Одан әрі тіршілікке керекті жүйелерді қамту кешені, қауіпсіздік құрылғылары, электронды жолақы төлеу жүйесі (метро тектес), эскалаторлар мен жеделсатылар орнатылған стансалар саны да  біртіндеп ұлғая бермек.

 Жақсы СӘТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 4 =