Жұқпалы аурулардың жолы кесіледі

0 103

Дүние жүзінде адамдардың түрлі жұқпалы ауруларға ұшы­рауы жиілеп кеткенін еске­ре­­ оты­рып, жақында ҚРДСМ МСЭҚК Көліктегі департаменті Астана қа­ласы Денсаулық сақтау бас­қар­ма­сы,­ ҚР ДСМ МСЭҚК Астана­ қаласы бойын­ша­ де­пар­та­менті, шекара қыз­меті, Көліктегі желі­лік­ ішкі істер бөлімі, Астана қаласы халық­ара­лық­ әуежай қыз­мет­­те­­рі­­мен бірлесе отырып, пан­де­мия­лық тұмау әкелінген жағ­дай­да­ оның алдын алып, эпи­де­мия­ға­ қарсы шұғыл шара­­лар­ды­ ұй­ым­дас­ты­ру және өткізу жөнінде оқу-жат­ты­ғу жұмыс­та­рын­ жүргізді.

Тұмау вирусының жоғары контагиоздық және эпидемиялық таралу бейімділігін, сонымен­ қатар жылдам қозғалатын құрал­дар­­дың­ дамуы мен халықтың жоға­­ры көші-қон жағдайын еске­ре­ оты­рып, қазіргі кезде вирусты этио­ло­гия жұқпаларының, оның ішін­де пандемиялық тұмаудың ену мүмкіндігі айқындалған.

2012-2013 жылы эпи­деми­оло­­гия­­лық мерзім басталғаннан бері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мем­лекеттік санитариялық-эпи­­де­­­­мио­ло­гия­лық қадағалау коми­­те­­ті­нің мәліметтеріне сәйкес,­ республикада 340 тұмау ауруы­ тіркелген, олар­дың ішінде А/H3N2 (237 жағ­дай) және В (88) көп кез­де­се­ді. Бұдан басқа республикада «шошқа» тұмауының 11 оқи­ға­сы­ тір­кел­ген.

Астана қаласы әуежайына алыс және жақын шетелдерден апта сайын халық­ара­­лық рейстермен 7800-ден аса жолаушы­ келеді, олардың ішінде екі мың­дай­ы қау­іп­­ті жұқпалы аурулар тір­кел­­ген­­ Оңтүстік-Шығыс Азия ел­де­­рі­нен келеді.

Әуе кемесі бортында пан­де­мия­­­лық­ тұ­мау­ жағдайы туын­­да­­ған кезде мемлекеттік сани­­тар­­­лық­-эпи­де­мио­ло­гия­лық­ қада­­ға­­лау ор­ган­дарының, Аста­на қа­­ла­­сы­­ның медици­на­ ме­ке­­ме­­ле­рінің, Астана қаласы халық­ара­лық әуе­жай­ қыз­­мет­­те­рі­нің әзір­­лік­тері арнайы оқу-жат­ты­ғу­лар арқы­лы­ ба­ға­ла­нады. Оқу-жаттығу жұмысы бары­сын­­да ка­ран­тин­дік немесе аса қау­іп­ті­ жұқ­па­ларға, соның ішін­­де пан­де­мия­лық­ тұмауға ұшы­ра­ған науқас анықталған кезде бар­лық мүдделі қызметтердің тиіс­ті тактикалық әрекет ету мәсе­­ле­­ле­­рі бойынша жұмыстар атқа­­рыл­­ды.

Раушан МҰҚАЛИЕВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 14 =