Жұқпалы аурулар азайып келеді

0 86

Астана қаласы аумағының санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі халық қалаулыларын ерекше толғандырып отыр. Бұған осы тақырыпта өткен көпшілік тыңдау барысында анық көз жеткіздік.

Алдымен Мемлекеттік санитар­лық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің директоры Сархат Бейсенова елорданың жалпы эпидемиологиялық жай-күйі туралы ақпарат берді. Оның мәлімдеуінше, жұқпалы ауру­лардың алдын алуға байланысты қалада санитарлық-ағарту­шы­лық жұмыстар жүргізіліп, теледи­дар және радио бойынша сұх­бат­тар ұйым­дастырылуда. Бас ша­һар­дағы сауда үйлерінде, кино­­театр­лар мен базарларда, банк­терде және басқа орындарда жұқ­палы ауру­лардан сақтанудың жол­дары жөнінде ха­барламалар ілініп, түсін­діру жұ­мыстары жүйелі түрде жүргізілу­де. Осы өткізілген іс-шара­лар­дың нә­ти­жесінде бүгін­де Астанада ішек-құрылыс, ви­рус­тық гепатит ауру­ла­рымен науқас­тану деңгейі едәуір азайып, тұр­ғын­дар арасында ту­бер­кулез­бен нау­қастану 11,5 пайыз­ға төмендеген.

Аудан әкімдерінің аппарат­тары да қарап жатқан жоқ. Шараға қатысқан Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандары әкімдерінің орынбасарлары Б.Болатбеков, Б.Ахметжанов, Р.Акчуриндердің сөзіне сенсек, олар қаланың коммуналдық қыз­мет­терімен және пәтер иелері­нің кооперативтерімен бірлесіп, елор­даны абаттандыру және кө­гал­дандыру, елорда аумағының сани­тарлық жай-күйін жақсарту бойынша тиімді шаралар ұйымдас­тыруда. Бұл бағытта соңғы жылдары елордада коммуналдық және эко­логиялық сенбіліктер өткі­зі­ліп тұрады. Сондай-ақ, тұр­ғын үй­лердің ішкі орамдық аумақта­рын кешенді абаттандыру бойын­ша жұ­мыстар жүргізіліп, қала­ның шалғай аймақтарын дамыту тұжы­рымдамасы іске асырылуда. Астана қаласының Ішкі істер депар­таменті стихиялы сауда жасауды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта орталық ескі базар, Уәлиханов, Рахимов көшелері, Бөгенбай батыр даңғылы аудандарында 4 бейнекамера орнатылған. Басқа да атқарылып жатқан жұ­мыс­тар жетерлік.Дей тұрғанмен, бірқатар шешілмеген мәселе де бар екен. Мәселен, абаттан­дыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыс­тарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында таза­лықты қамтамасыз ету қағида­ларының сақталуын тиісті дең­гейде бақыламаудың салдарынан ішкі орамдық аумақта қо­қыс­тар жиналып қалуда. Сон­дай-ақ, шара­ға қаты­сушылар кейбір үй­лердің аумағынан қатты тұр­мыс­тық қалдықтарды тұ­рақты түрде шығарып отырмау, қоқыс кон­тей­нерлерінің алаң­дарын уақы­тылы дезинфекцияламау секілді жағ­дайлардың орын алғанын айт­ты. Тіпті, қала­мызда иттерді серуен­дететін орын­дардың жоқ­ты­ғы, осыдан жағым­сыз эпизо­оти­калық қарсы жағдаят­тардың туын­дайтыны белгілі болды. Осыған орай, қабылданған ұсыныс­тардың орындалуы қалалық мәс­лихаттың тұрақты комиссия­сының бақылауына алынды. Ал, мәс­лихат хатшысы С.Есілов туған қала­мыз­дың тазалығы тек өзімізге қа­жет екенін, сондықтан оған жана­шыр­лық танытып, айналаны таза ұс­тауға тырысуымыз керектігін ескертті.

Г.ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − thirteen =