ЖҰМЫССЫЗДАРҒА ЖӘРМЕҢКЕ ЖӘРДЕМДЕСТІ

0 141

9da652457a5d96667fff258839c

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалымен бірлесіп жұмысқа орналастыру мақсатында жеке агенттіктер мен ұйымдардың қатысуымен бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Жұмыссыздарға жәрдем көрсетуге бағытталған шараға 288 адам қатысты. Олар «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша мәліметтер алды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер әлеуметтік қорғау шаралары жайында толық ақпарат берді.

Аталмыш жәрмеңкеге қатысқан 288 адамның 215-і – жұмыссыз жүргендер. Бұл бастаманың нәтижесінде 11 адам бос әлеуметтік жұмыс орнына орналас­тырылса, 75-і жастар практикасына жіберілді. Жұмыс іздеген 202 азаматқа қатысты жұмыспен қамтудың басқа шаралары қабылданды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + two =