Жұмыссыздарға – жәрдемақы

0 30

«ADAL» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Олжас Ордабаев пандемияға байланысты жұмыс істемейтін кәсіпорындардың қызметкерлеріне жәрдемақы тағайындауды ұсынды.

Олжас Ордабаевтың айтуынша, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Төтенше жағдай мен карантин режимінің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтардың жағдайы бұрын заңда қарастырылмаған. Індеттің әлі қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Сондықтан жоғарыда аталған тұлғалардың құқықтарын қайта қарастырған абзал.
«Бүгінде карантин талаптары жеңілдесе де, өнеркәсіптің кейбір сала қызметкерлері жұмысқа шықпаған. Сол сияқты кейбір бизнес түрлері де жұмыстарын бастаған жоқ. Бұл жағдай кәсіпкерлерге ғана емес, сол нысандарда қызмет ететін қарапайым жұмысшыларға да ауыр соғуда. Сондықтан қызметін ашпаған ұйымдардың қызметкерлеріне МӘСҚ-дан төлемдер тағайындау қажет деп санаймыз» деді Олжас Ордабаев.
Партия кеңесінің мүшесі пандемияға байланысты 77 мыңға жуық заңды тұлға мен 300 мың жеке кәсіпкер жұмысқа оралмағанын айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 2 =