«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жұмыссыз жастар жәрмеңкесі

0 15

Елордада НұрСұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруы­мен ЖОО түлектері мен жұмыссыз жастар үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті.

DSC07407

Қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе өткізілген жәрмеңкеге 1000-ға жуық студенттер мен жұмыссыз жастар қатысты. Қаладағы 100-ге жуық кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы 500 бос ваканция ұсынылды. Шараға келген студенттер мен түлектер өздеріне қажет мамандықтарын таңдап, жұмыс берушілерге түйіндемелерін ұсынды.

Бос орындар жәрмеңкесінде «Бастау Бизнес» бағдарламасы мен мемлекеттік гранттар туралы келушілерге кеңес берілді.

НұрСұлтан қаласы Полиция департаментінің Есіл ауданы басқармасының кадр саясаты бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сандуғаш Увалиеваның сөзінше, ішкі істер органдарында қызмет еткісі келетіндер аз емес екен.                              

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды