Жұмыссыз жастар еңбекке тартылды

0 72

Елордада «Жасыл ел» жасақтарының XVIІ еңбек маусымы басталды. Биылғы еңбек маусымында 975 жұмыссыз жасты жұмыспен қамту көзделген.Жастар саябақтар, құрылыс нысандары маңы мен «Жасыл белдеу» алаңын, білім мекемелерінің аумағын абаттандыру жұмыстарына атсалысады.

– Қаланы көгалдандыруға үлесімді қосып жатқаныма қуанамын. Себебі бұл жұмыстың сауабы көп. «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу маңызды істердің бірі саналады. Жазда жастарымызға уақытты ұтымды пайдаланып, ақша табуына мүмкіндік береді. Сондықтан «Жасыл ел» бағдарламасының берері көп деп ойлаймын, – деді студент Марат Мұхамеджанов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + 9 =