Жұмыссыз қалғандар қолдауға мұқтаж

0 15

Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен өткен Парламент Сенаты бюросының отырысында карантин кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау көрсетудің маңыздылығы айтылды.Сенат Төрағасы Д.Назарбаева ел Президенті мен Төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қажетті барлық шараларды шұғыл және алдын ала қабылдап жатқанын атап өтті.
Д.Назарбаева Сенат комитеттеріне 2020 жылға арналған бюджетке енгізілетін нақтылауларды мұқият зерттеуді және өз бағыттары бойынша оның орындалуына мониторинг жүргізуді пысық­-
та­у­ды тапсырды. Атап айтқанда, 1 трлн теңге бөлінетін Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасына назар аудару қажеттігі айтылды.
Палата спикері өңірлерден сайланған депутаттар өз аймақтарында Жұмыспен қамтудың жол картасы қаражатын қандай мақсаттарға және нысандарға жұмсау жоспарланып отырғанын мұқият зерделеуі тиіс екенін де айтты.
«Бұрынғы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру кезінде көптеген бұрмалаушылыққа жол берілгенін біз жақсы білеміз. Қалалардың карантинге жабылуына байланысты жұмыссыз қалған адамдарға көңіл бөлу керек. Олар ерекше қолдауға мұқтаж» деп атап өтті Д.Назарбаева.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − five =