ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

0 74

Астанадағы «Ақмола вагон жөндеу зауыты» акционерлік қоғамының еңбекшілері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет мүшесі Майра Айсинамен кездесті.

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген жүздесуде халық қалаулысы мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың басым бағыттарына тоқталып өтті.

– Біздің заңдарымыз халыққа, олардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі тиіс. Мәжіліс қабылдаған заңдардың өміршеңдігін білудің де мүмкіндігі осындай кездесулерде екенін айта кеткім келеді. Әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй, білім беру, бала тәрбиесі, денсаулық сақтау, тағы басқа сұрақтарға қатысты халықтың ой-пікірін біліп, осы бағытта атқарылып жатқан мемлекет саясатын түсіндіруді міндетіміз деп білеміз, – деді халық қалаулысы.
Кездесуге «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мейрамбай Оралов, қалалық мәслихат депутаты Зейнолла Шибкенов қатысты.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 1 =