«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жұмысшыларды белсенді болуға шақырды

0 134

Астана қалалық инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров кеше 500-дей адам жұмыс істейтін «Astana Ютария ltd» ӨИК» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Онда Елбасы Жол­дауы­ның орындалу барысы мен алға қойған міндеттер жайлы сөз қозғалды.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталған Президент Жолдауы, әрине, осы за­уыт еңбекшілерінің де мүддесін көксейді. Атап айтқанда, халықтың тұрмыс сапасын көтеріп, әрбір азаматтың бақытты өмір кешуіне жол ашуды көздейді. Бұл орайда, басқарма басшысы Әлішер Әбдіқадыров бүгінгі күні қала­да тұрмыс сапасын жақ­сарту бағытында қан­дай жұмыс жасалып жатқанын айтып өтті. Атқарылған шараларға тоқталғанда ең ал­ды­мен «call center» орталығы ашылғанына тоқталды.
Қаладағы туу көрсеткішінің жоғарылығы, ішкі көші-қон нәтижесінде көшіп келіп жатқандардың көптігі – жалпы қала халқы­ның көбеюі кейбір аудандарда мектеп, балабақша, емхана жетіспеушілігін тудырып отырғанын айтқан басқарма басшысы алдағы бес жылда бұл талаптар қанағаттандырылатынын мәлімдеді. Сонымен бірге: «Сіздерге көрші болып, тұрғын үй салу комбинаты ашылады. Ол кірпішпен қалағандай емес, лего құрастырғандай жылдамдатып үйлер тұрғызуға жол ашады. Соның арқасында нарықтағы тұрғын үй бағасы да төмендеп, азаматтардың баспанаға қол жеткізуі жеңілдейтін болады» деп түйіндеді өз сөзін Ә.Әбдіқадыров.
Астанада адамдардың игілігіне жасалған әрбір істің жемісін қала тұрғындарымен бірге осы зауыт жұмысшылары да көретінін еске салған басқарма басшысы қысқаша баяндамасынан кейін зауыт қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды