Жұмысқа жұмылдырды

0 14

1 қыркүйектегі жағдай бойынша 451,6 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан. 328,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 200,7 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.

13_d_850

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқамерзімді курстарға 15,2 мың адам жіберілді. 5,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 20200 адам қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 155,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 16,6 мың адам, жастар практикасына – 21,4 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 117,4 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1342 отбасы немесе 4571 адам қоныс аударды, оның ішінде 1952 адам еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде 1329 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 111 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 5 адам оқуға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.

Қысқамерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 7 =