Жұмысқа жұмыла кірісті

0 101

Қарашаның соңында толассыз жауған қар қаланы басып салды. Қаланы қардан тазартуға жұдырықтай жұмылған астана аудандары қар тазалау жұмысын күні-түні тоқтатқан жоқ.

7904994c4dbdffd9cc260b61e2fa0b96

Алматы ауданы қар тазалауға 440 жол жұмысшысы және 364 бірлік арнайы техниканы жұмылдырды. Оның ішінде 39 бірлік сыпыру машинасы, 11 құм шашқыш техника бар.

Бірінші кезекте қардан тазарту басты көшелерде, аялдама пункттерінде және жаяу жүргіншілер өткелдерінде жүргізіледі. Қазіргі таңда тұйық көшелер мен орамішілік аумақтарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ көшелерге құм-тұз қоспасын шашып, көктайғаққа қарсы реагентпен себу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. «24 қараша күні елордада жауған қардың қалыңдығы 25 мм болды. Бірақ айлық мөлшері 28 мм болуы керек еді. Яғни бір тәулік ішінде түскен қар айлық нормаға жетеқабыл болды. Алматы аудынының әкімдігі қар тазалау жұмысын күшейтілген режимде жүргізіп жатыр. Негізгі жұмысымыз – орталық көшелерді, аялдама павильондарын, жаяу жүргіншілер өткелін қардан тазарту. Осыдан кейін басқа көшелер мен ішкі орамдық аумақтар тазаланады. Бұған қоса, көшелерге құм қосылған тұз шалып, жолдағы көктайғақтың алды алынды. Осы уақытқа дейін Алматы ауданы аумағынан 53 М3-ден астам қар шығарылды. Қар өте қалың жауғандықтан тазалау жұмыстары әлі бірнеше күнге жалғасатын түрі бар» деді Алматы ауданы әкімінің аппаратының бас маманы Батырхан Жазықбаев.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 5 =