Жұмысқа тұруға жәрдемдеседі

0 28

Жұмыссыз азаматтар жұмысқа тұру мәселелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына онлайн және оффлайн түрде жүгіне алады. Жыл басынан бері оған 7 мыңға жуық қала тұрғыны өтініш түсірген. Қазіргі кезде жұмыссыздар қатарында 3,6 мыңнан астам адам есепте тұр. Бұл туралы орталық директоры Бақытбек Қабжанов қала әкімдігінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.– Бос орындар туралы ақпаратпен www.enbek.kz және орталықтың www.cz.astana.kz сайтында онлайн танысуға болады. Жұмыс іздеген адам тіркелу және әңгімелесуге жолдама алу үшін www.egov.kz арқылы өтініш жіберуі қажет, – деді Б.Қабжанов.
Оның айтуынша, жұмыспен қамту орталығына барып оффлайн кездесу үшін «Smart Astana»
мобильді қосымшасы арқылы тіркелу керек. Содан соң орталық мамандары бос жұмыс орындарын көрсетіп, жұмыс іздеуші ретінде тіркейді. Содан соң жұмыс берушімен әңгімелесуге жолдама береді.
Жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында білікті кадрларды іріктеп, инфрақұрылымдық жобаларға сұхбаттасуға жібереді. 5 маусымға дейін осы бағдарлама шеңберіңде 2410 адам жұмысқа орналастырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − eleven =