ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ

0 93

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша әрекеттер стратегиясын талқылауға байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңдағы аса өзекті мәселелердің бірі әлеуметтік салаға қатысты болып отырғаны белгілі. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті практикалық, прагматикалық жаңа бастама болып табылатын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ұсынып, әлеуметтік жаңғыртудың басты мақсаттары, міндеттері мен қағидаттарын белгілеп берді. Әлеуметтік мәселелерді әркез бақылауында ұстап, өзінің назарын әрбір қазақстандықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағыттап оты­ратын Елбасы бүгінде Қазақстан объективті түрде орташа Еуропа елдерінің әлеуметтік даму сапасы деңгейіне нақты жақындағанына, отандастарымыздың өмір үлгі-қалыптарының тұрақты түрде жоғарылап келе жатқанына тоқталды. Шын мәнінде тұрақтылық пен игілік жемістерін тиімді пайдаланудың маңызы зор. Осыған орай, дөңгелек үстел бары­сында «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешенінің директоры Үмітхан Мұңалбаева аталған бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшы­сы әлеуметтік жаңғыртулардың негізгі қағидаттарын байыппен ашып көрсетіп бергенін тілге тиек етті. Аталмыш шараға «Атамекен патриоттары» мен ата-аналары және кешен ұжымы, Астана қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының, Мәдениет басқармасы мен оған қарасты мекемелердің, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы мен «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысып, Елбасының мақаласына қатысты ойларын ортаға салды.

«Атамекен» Қазақстан карта­сы этно-мемориалдық кешенінің ұжымы бүгінгі таңда оқушылардың бойына еңбексүйгіштік сезімдерді ұялатып, өз Отаны, елі мен жері үшін еңбек етіп, ізденімпаздықты құрметтеуге тәрбиелеп, өз халқының мақтанышы болуы­на, өнегелі азаматтар болып қалыптасуына ықпал етіп келеді. Сол себепті, дөңгелек үстел ба­сына жиналғандар Елбасының жастарды жақсылыққа, жақсы өмірге жетелейтін бағдарламалық мақаласын «Атамекен патриотта­рымен» бірлесе талқылап, оның жүзеге асуына үлес қосу керектігін, жаңғыртудың табыстылығы үшін әрбір азамат өз Отанына пайдасын тигізуі тиіс деген пікірге тоқталды.

«Астана қаласы оқушыларының білім деңгейінің тереңдетіп, жан-жақты қалыптасуына септігімізді тигізумен бірге жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға зор үлесімізді қосып келеміз. Мұнда балалар Қазақстан тарихына қатысты білімдерін жетілдіріп қана қоймай, әлеуметтік жағдайларын тұрақтандырып, табыс та таба­ды. Ай сайын өздеріне тиесілі айлықтарын алып отырады. Осы тәжірибе арқылы біз оқушылардың бойына еңбекқорлық қасиетті туды­рып, еңбектің қадірін түсіндіреміз. «Еңбек етсең – емерсің» демекші, әр адам өз еңбегінің қызығын көріп, халқына пайдасын тигізуге міндетті», – деді Ү.Мұңалбаева.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 1 =