Жұмыспен қамту орталығы онлайн режимге ауысады

0 40

Дүйсенбі, 22 маусымнан бастап елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы қашықтан қызмет көрсетеді.

Өзара тікелей қарым-қатынасты шектеу арқылы, COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, Жұмыспен қамту орта­лығы (Бейбітшілік көшесі, 25) мен «Жанұя» отбасын қолдау орталығында (Бейбітшілік көшесі, 14) азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылады. Аза­маттар мен жұмыс берушілер барлық қызметтердің спектрін 57-88-88 Call-орталығы арқылы, электронды пошта және мобильді байланыс құралдары арқылы онлайн ала алады. Ол үшін 57-88-88 Call-орталық нөміріне хабарласу қажет.
Қызметтер туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның (fs: @cz.astana.kz, inst: @czn_astana) әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + 18 =