Жұмыскерлермен жүздесу

0 54

Қазақстан халық партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Гауһар Нұғманова мен Нұрболат Теміров Павлодар облысы Ақсу қаласының ферроқорытпа зауытының жұмыскерлерімен кездесті.

Кездесу барысында сайлауалды бағдармаламаның негізгі тұжырымдамасын түсіндіріп өтті. Жұмысшылар құқықтарын қорғайтын тәуелсіз кәсіподақтарға қолдау көрсету керектігін атап өтті.
Кейінірек үміткерлер қала тұрғындарымен де кездесу өткізді. Сайлаушылармен болған кездесуде партия мүшесі халықтың көп бөлігін толғандырып отырған өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, тегін білім, медицина, тұрғын үй және тағы да басқа мәселелер көтерілді. Кездесу барысында Г.Нұғманова Қазақстанда азаматтардың жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру сапасының ең төменгі стандарттарын заңнамалық түрде бекіту қажет екенін атап өтті.
– Кепілдендірілген пакетке жаңа экологиялық талаптардың міндетті түрде сақталуы, барлық елді мекендерде жолдар, әлеуметтік нысандар (балабақшалар, мектептер, емханалар) мен демалыс орындарының салынуы тиістігі секілді бағыттар енуі керек. Біз қазақстандықтар үшін жер мәселесін түбегейлі шешеміз. Әр отбасы үй салып, үй шаруа­шылығын жүргізу үшін 20 сотық жер алады. Мемлекет бұл учаскелерге қажетті барлық инфрақұрылымды жүргізеді. Азаматтар үшін үйлердің үлгілік жобалары әзірленеді және тегін ұсынылады, – деді Гауһар Нұғманова.
Оның айтуынша, Қазақстан халық партиясы адам еңбегінің құндылығын түбегейлі қайта қарауға ұмтылады. «Бүгінгі таңда қазақстандықтардың еңбегі дұрыс бағаланбайды. Сондықтан біз өндірістегі және зияткерлік саладағы кадрларды жоғалтып отырмыз. Жыл сайын, негізінен, еңбекке қабілетті жастағы ондаған мың қазақстандық кәсіби әлеуеттің жоқтығынан елден кетіп тынады. Жағдай бұлай жалғаса бермеуі керек» деді Гауһар Нұғманова.
Үміткер жергілікті тұрғындарға ҚХП-ның қай бағытты ұстанатынын, оның мүшелері қандай мәселелерді көтеретінін егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, партия азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктер, төлемдер, жастар үшін тең мүмкіндіктер жасау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қолдау және сақтау секілді өзекті мәселелерді де көтеруге ниетті. Гауһар Нұғманованың сайлаушылармен кездесуі Қазақстан халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + 10 =