Жұмыс жандана түсті

0 95

Жақында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстан жастарының конгресі  баспасөз мәслихатын өткізді.

Онда Республикалық жастар­дың ресурстық орталығы аясында өткізілетін «Жастар көзқарасы – 2013» республикалық жобасы байқауы, Сall-орталығын құру, Қазақстандағы жастар саясаты мәселелеріне қатысты жас ға­лымдар арасында ғылыми-тәжі­рибелік конференция өткізіп, «Жас конгрессмендер» атты еріктілер мектебін ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Орталық қызметінің негізгі мақ­саты – Қазақстан жастарының әлеу­мет­тік белсенділігін арт­ты­рып, республикадағы аза­мат­тық қауымдастықтың ны­ғаю­ына көмек көрсету, жастар ұйым­дарын қолдаудың инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ жастар мен жастар ұйымдарына ақпараттық, құқықтық, консультативтік, әдіс­темелік қолдау көрсету.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − four =