Жұмыс қарқын алды

0 25

Кеше қаладағы бірқатар кәсіпорындар өз жұмысын бастағаны мәлім. Олардың арасында өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар, ірі құрылыс дүкендері, автосалондар және автокөліктің қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер, техникалық қызмет көрсету стансалары, көлік жуатын орындар, химиялық тазалау және кір жуатын орындар, кеңсе техникасын жөндейтін мекемелер бар.Әсіресе, таңертеңнен бастап автокөліктердің доңғалақтарын ауыстыратын орындардың алды көліктерге толып кетті. Күн жылынса да қысқы доңғалақпен жүруге мәжбүр болған автожүргізушілердің қуанышында шек жоқ. Техникалық қызмет көрсету стансаларының да жұмысы қарқын алатын күн алда. Өйткені миллионнан асатын халқы бар қалада әр үйде бір-екі көліктен бары белгілі. Оның үстіне техника бұзылмай тұрмайды. Сәуірдің жылы күндері дөңгелек желімдейтін және көлік жуатын орындардың да жұмысы қыз-қыз қайнайтыны анық. Алайда олардың жұмыс кестесі 09.00-ден 18.00-ге дейін екенін ұмытпаған жөн.Көктем мен жазда жұрттың көбі үйіне, ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Міне, олар енді бұрынғыдай құрылыс материалдарын, сантехника бұйымдарын іздеп шарқ ұрып жүрмейді. Ірі құрылыс дүкендерінің есігі айқара ашылады. Алайда жоғарыда аталған нысандарға баратын тұтынушылардың, кәсіпорын қызметкерлерінің денсаулығын және карантин тәртібін қатаң сақтауға ерекше назар аударылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − two =