Жұмыс кестесі өзгереді

0 90

Демалыс күндері елордадағы қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс істемейді.

Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай сенбі, жексенбі күні кафелер мен мейрамханалар, кофеханалар тұтынушыларына тек дайын тамақты жеткізу және өзімен алып кету қызметін ұсына алады.Басқа күндері бұл нысандар таңғы сағат 7:00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтандыру орындарына кешкі сағат 20.00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілген. Асханалар аптаның барлық күндерінде 07:00-ден 21:00-ге дейінгі жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтандыру орындарымен бірге демалыс күндері елордадағы сауда, ойын-сауық орталықтары да жабық болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + 12 =