ЖҰМЫС ІЗДЕСЕҢ, ЖӘРМЕҢКЕГЕ БАР

0 90

Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жылына екі рет дәстүрлі түрде өтетін мұндай жәрмеңкелер жұмыссыздарға лайықты жұмыс табуына, ал жұмыс берушілерге мекемесін білікті мамандармен жасақтауға мүмкіндік береді.

Кешегі жәрмеңке нәтижесінде қалалық Жұмыспен қамту орталығы дерек­тер базасына тіркелген 800-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Оған 30-дай меке­меден заңгер, психолог, есепші, әлеуметтік қызметкер, инженер-электрші, аудармашы, монтаждаушы, дизайнер, тігінші секілді мамандарға 100-ден астам сұраныс келіп түсті. Жәрмеңкеге жалпы саны 1700-дей адам қатысты. Олардың 425-і түйіндемесін өткізсе, мыңнан астамы оқыту курстары, қоғамдық жұмыстар жайында кеңес алды. Ал, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жоғары оқу орындарының биылғы түлектеріне «Жастар тәжірибесімен» қалалық мекемелерде тәжірибеден өтуге шақырды.

Жәрмеңке көрсеткіштері көңілге қонғанымен, мамандар әлі де шешімін таба алмай келе жатқан мәселелер бар екенін айтады.

*Сүбелі сөз

Нұргүл АХМЕТОВА,
Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

 Жастар кәсіптік оқыту курстарына барғысы келмейді. Мәселен, құрылысшы, дәнекерлеуші, электрші қажет мекемелерге мамандар тауып бере алмай отырмыз. Амал жоқ, үй-үйді аралап, жұмыссыз жандарды осы курстарға шақырып жүрміз. Курс тегін оқытылады, керісінше оқушыларға айына 13 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Жастар бұл мамандықтарды қара жұмыс санайды, олардың қызығатыны – кеңсе қызметкері, экономист, есепші. Бірақ, бұл мамандықтарға сұраныс мүлде аз.

 

Алтынай БАЙДАҚОВА,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың студенті 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 4 =