Жұмыс іздеп жүрсіз бе?

0 32

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспенқамту орталығы жұмыс тәжірибесі жоқ, алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер үшін арнайы «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасын іске асыруда.

IA5A7162
IA5A7173
IA5A7174
IA5A7177
IA5A7196
previous arrow
next arrow

Бұл туралы ХЖҚО уақытша жұмысқа орналастыру бөлімінің маманы Дарья Ғабдоллаева: – Еңбек бағдарламасының аясында алғашқы жұмыс орны ұйымдастырылды. Алғашқы жұмыс орнына жұмыс іздеп жүрген және де 29 жастан аспаған жастар қатыса алады. Алғашқы жұмыс орны бойынша жұмысқа орналастыру үшін үміткерлер ХЖҚО-на мынадай құжаттар тапсыру керек: жеке басын куәландыратын құжат пен білімі туралы құжат көшірмесін қоса отырып өтінім береді, – дейді. «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына қатысушы үміткерлердің бірі Гаухартас Төленғазина аталмыш жобаға көңілі толғанын былайша жеткізді: – Мен 11-сыныпты бітірдім. Содан соң алдыма 1С бухгалтериялық есепті үйренуге мақсат қойдым. Сол үшін мен ХЖҚО-на бардым. Ол жерде жақсы мүмкіндікке ие болдым. Біріншіден, жұмыспен қамтыды, екіншіден, оқытады. Болашақта осы салада жақсы маман болуға тырысамын.

Бағдарламаға қатысуға 29 жастан аспаған жұмыссыздар құжат тапсыра алады. Жоба қа- тысушылары 24 айдан кем емес мерзімге тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие. Мұнда ай сайынғы субсидия (жалақы) мөлшері 20 АЕК – 58 340 теңгені құрайды (салықтарды, әлеуметтік төлемдерді және т.б. есепке алғанда).

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four − two =