Жұмыс істейтін жастар баспаналы болды

0 24

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспананың кілтін табыс етті.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес 2019 жылы басталған жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жалғастырамыз. Бүгін оларға Қордай көшесіндегі 76-үйден 350 пәтер берілді. «Қадамдық қолжетімдік» қағидатына сәйкес үй маңында денсаулық сақтау және білім беру нысандары бар. Бұл аумақты көктемде абаттандырып, ағаштар отырғызып, орындықтар орнатамыз» деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.
Пәтерлер 5 жылға жалға беріледі. Осы уақыт ішінде жұмыс істейтін жастар аяққа тұрып, басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін қаражат жинай алады. 2021 жылдың соңына дейін оларға тағы 1050 пәтер бөлінеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылы жеңілдікпен берілетін тұрғын үй көлемі 3 есеге ұлғайды. Жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша ауқымды жұмыстарға Үй құрылыс комбинаты көмектеседі. Инновациялық технологиялар құрылыс мерзімін қысқартуға, тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге және үйлердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Егер былтыр 7 мыңнан астам пәтер берілсе, биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін арттырамыз. Тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыс жалғасады» деп жазды Алтай Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × three =