Жұмыс барысын онлайн режимде талқылады

0 40

Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов онлайн режимде қаладағы бірқатар мәселелерді талқылады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 130-дан аса жоба жүзеге асырылып, 15 мың жұмыс орнын ашамыз. Олардың қатарында жолдар, мектептер, емханалар, балалар алаңдары мен скверлердің құрылысы бар. Спорттық-мәдени нысандар және басқа да ғимараттар жөндеуден өтеді. Тұрғындарды бірінші кезекте жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырамыз» деді қала басшысы.
Жалпы, қалада пандемия мен карантин уақытында бірқатар кәсіпорынның жұмысы тоқтағаны белгілі. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын құру шаһар тұрғындары мен қала экономикасы үшін өте маңызды болып отыр. Осыған дейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында елордада 3600-ден аса адам жұмысқа орналасты.
Биыл қалада 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. Оның 100-і – елдімекендерге тиесілі. 150 аула мен 50 тынығу бағы жөнделеді. Сонымен бірге «Жастар» сарайы, Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион сияқты бірқатар спорттық-мәдени нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бағдарлама аясында бірқатар мектеп, емхана, оңалту орталықтары мен басқа да әлеуметтік нысандарды салып, кейбіреуін саламыз. Сонымен қатар бағдарлама Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге айтарлықтай көмектесті. Бұл қала мен жеке секторда су басу қаупін болдырмауға мүмкіндік береді» деп атап өтті А.Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + 14 =