Жұмыртқалар «шеруі»

0 124

Жирен сақалды, ұзын бойлы шенеунік баяндама жасап тұр.

«Қазақ «әйелдің қырық жаны бар» дейді. Сондықтан, олардың қырық жанын қырық жыл жұмыс істеуге жұмсайтын қылдық. Қазақ және айтады, «әйелдің алпыс екі айласы бар» деп. Демек, әр жылда бір айладан кеміп отырса, бәрін құртуға алпыс екі жыл кетеді. Соны ескеріп, біз әйелдерді зейнетке алпыс үш жасында шығаратын болдық. Қазақстандық әйелдердің зейнет жасын ұзартуымызға өз ата-бабаларының осы екі сөзі дәлел болды. Жаны қалмай жұмыс жасап, амал-айласы таусылған кезде зейнетақы алатын болса, тамаша емес пе?! Бұл шешімді кеңседегі жігіттермен ақылдаса отырып шығардық. Қатыны барлар қарсы болмады…».

Оған лақтыратын жұмыртқа ала бармақ болған пиғылымды хош көрмеген қоразымның өзі жуық арада тауықтарға жолайтын түр байқатпай, біраз шыдап бақты.

Бірақ, бір қасқа бас жігіт менің істемегінімді істеді. Шамасы, бойдақ болса керек… Жирен сақалды, ұзын бойлы шенеунік қатыспаған келесі кездесуде әлгі баяндаманы қайталаған жас бишігешке қос жұмыртқаны қатар лақтырды. Қос жұмыртқа болғанда, не ғой… Тауықтың жұмыртқасы ғой! Жас шенеуніктің қымбат кәстөмін ұрығымен былғаған қоразында да ұят жоқ екен. Дәл сол күні тауықсыз да таң атыруына болушы еді. Өйтпеді.

Теледидарды қосып қалсам, жирен сақалды, ұзын бойлы шенеунік тағы сөйлеп тұр: «Мен үшін туылған жұмыртқа анау «патамушта, патамушта» дейтін жас ізбасарымыздың үстінен табылыпты. Зейнетке түк қатысы жоқ тауықтардың бұл наразылығына, жұмыртқаларының шеруіне үзілді-кесілді қарсымын!..».

Бұнысын Қазақстанға әкелінген түйеқұстар естімесін деңіз…

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − ten =