ЖҰМАДАҒЫ ЖАҚСЫЛЫҚ

0 162

донор2

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті Республикалық қан орталығымен бірлесіп, «Өзгеге өмір сыйла» донорлық акциясын өткізді.

Елімізде донорлардың тапшылығынан көпшілік адамдар қиын жағдайларға тап болуда. Мұқтаж жанның қайғы-мұңына бейжай қарамайтын мұсылман жамағаты «Нұр Астана» мешіті жанына арнайы келген Қан орталығы мамандарының медициналық көлігінде қан тапсыруға кезекке тұрды.

«Өзгеге өмір сыйла» донорлық акциясын өткізуге ұйытқы болып отырған «Нұр Астана» мешітінің бас имамы, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі Наурызбай Тағанұлының айтуынша аталмыш шараның басты мақсаты – өзіңе қалаған жақсылықты өзгеге де тілеу, үзілгелі тұрған тағдырларға қол жалғау, адамзаттың бір-біріне мейірім танытуы, бір сөзбен айтқанда мұсылманшылық сипатымыздан айнымау.

Салауатты өмір салтын ұстануды да назарда ұстаған акция аясында 50-ге жуық мешіт жамағаты мен қала тұрғындары қан тапсырып, қайыры мол іске атсалысты.

Аталмыш акция бір жұмамен шектелмейді, алдағы жұма 6 маусымда сағат 9:00-13:00 аралығында «Әзірет Сұлтан» мешітінде жалғасын табады. Ал, «С.Ғылмани» мешітінде 20 маусым күні өткізу жоспарланған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 5 =