Жұлдызды операның жаңа кейіпкерлері

0 47

Алдағы 4 және 6-ақпанда «Астана Операда» әлемге әйгілі опералардың бірі – итальяндық ұлы композитор Джакомо Пуччинидің «Тоска» операсы қойылады. Сыршыл суретші Марио Каварадосси мен рим полициясының шефі барон Скарпианың басты партияларында театрдың жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Чотабаев пен Жанат Шыбықбаев дебют жасайды.

Дж.Пуччинидің драмалық шығармаларының бірі ХІХ ғасырдың басындағы Римдегі жағдайды сипаттайды. Оқиға өткен храмдар мен сарайлар күні бүгінге дейін сақталған, бұлар – Сант-Андреа­-делла-Валле базиликасы, Фарнезе палаццосы және Сант-Анджело қорғаны. Спектакль тарихи сюжетке толы: операдағы іс-әрекет 1800 жылдың маусым айында өрбиді, сол кезде Наполеон бастаған француз әскері Италияға күшпен кіріп, Римді басып алады, сөйтіп осында республика құрады. Туындыда бостандық үшін күрес, махаббат драмасы, қатыгездік пен зұлымдыққа қарсы тұру тақырыптары қозғалған. Флория Тоска – опера кейіпкерлері ішіндегі жалғыз әйел. Оның жеке тұлғасы сан қырлы: нәзік әрі ерке, албырт, қызғаншақ, шексіз беріле сүйе алатын, қайсар әрі отаншыл жан.
Ал алтыншы ақпанда Каварадоссидің бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейір Байнеш сомдайды. Әнші Флория Тосканың бас партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жұпар Ғабдуллина мен Маргарита Дворецкая орындайды. Ризница қызметкері – Шыңғыс Расылхан, Анджелотти – Болат Есімханов, Сполетта – Бейімбет Таңарықов, Рамзат Балакишиев, Шарроне – Талғат Ғалеев, түрме қызметкері – Нұрлыбек Қоспармақов, Бақташы баланы – Қанат Бақтияр бейнелейді.
Сондай-ақ қойылымда «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дарынды дирижер Абзал ­Мұхитдиннің жетекшілігімен өнер көрсетеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × three =