Жұлдыздар шеруі

0 23

«Қазақстан» орталық концерт залында «Жұлдыздар шеруі» өтті. Киноконцерт – әлемге әйгілі Disney компаниясы мен «Болашақ» қазақстандық қайырымдылық қорының бірлескен мәдени жобасы. «Болашақ» корпоративтік қоры өзінің 10 жылдық мерейтойында елорда тұрғындарына осындай сыйлық тарту етті.

61c44a61567c0413416779

«Жұлдыздар шеруі» киноконцерті – Disney-дің әлемдік киноконцерттері бірегей желісінің жалғасы. Ол Лондон, Сан-Франциско, Токио, Сидней, Париж, Мәскеу және басқа қалалардың үздік концерттік залдарында өткізіледі. Қордың арқасында Орталық Азиядағы тұңғыш киноконцерт 2018 жылы Алматыда аншлагпен өткен еді. Содан бері киноконцерт Қазақстанда жыл сайын өткізіледі. Биылғы іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қолдауымен өткізілді.

Нұр-Сұлтандағы киноконцертте отандасымыз, Black Star inc. лейблінің әртісі Nazima өнер көрсетті. Әнші Disney-дің 1998 жылғы «Мулан» анимациялық фильмінен «Reflection» әнін қазақ тілінде орындады. Сондай-ақ «Qazaqstan» ОКЗ сахнасында Super Star KZ жобасының қатысушысы Динара Сұлтан, «Жұлдызды жекпе-жек» музыкалық шоуының жеңімпазы Гүлсім Мырзабекова, «Славянский базар-2017» фестивалінің дипломанты Ayree және басқа да танымал әншілер ән салды.

Билет сатудан түскен қа­ражат инклюзивті білім беру және дарынды жастарды қолдау жобаларын дамытуға «Болашақ» қорына аударылады.

 Баян Асылбекова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − eleven =