Жұлдыздар жол бастады

0 11

Ұлттық музейде дүниежүзілік экскурсия жүргізушілер күніне арналған «Жұлдызды гид» жобасы өтті.Бұл жоба бас мұражайда осымен бесінші рет өтіп отыр. Жобаның мақсаты: еліміздің тарихи мәдени мұрасы мен музей жәдігерлерін насихаттау.
Әсерлі кештің ашылуында сөз алған Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы жиылған қауымды әлемдік экскурсоводтар күнімен құттықтап, бұл жобаға жұртшылыққа танымал жұлдыз­дар қатысып отырғандығын жеткізді.
Бағдарлама барысында ­Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова, Жасұлан Жүрсінұлы, Майра Төлепберген, Данияр Жұмаділов және «Назар» тобының жас әншілері қонақтарға музейдегі әрбір жәдігердің тарихы мен рөлі жайында кеңірек мағлұмат берді.
Музейге келушілер өнер тұлғаларын басқа қырынан танып, оларға дән риза болды. Мәдени шара концертке ұласты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды