ЖҮЙТКИДІ ЖҮРДЕК КӨЛІК КӨШЕМІЗДЕ

0 262

БРТ

Еліміздің бас қаласында арнайы салынған жолдармен жүретін жүрдек автобустар жүйесі (БРТ) жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Жоба қолданысқа берілген кезде қала тұрғындарына қоғамдық көлікте жүру ыңғайлы, әрі жол қозғалысын ұйымдастыру сапасы арта түспек.

Қала әкімі аппараты баспасөз қызметінің мәліметінше, БРТ дегеніміз – арнайы салынған жолдармен жүретін жүрдек автобустар жүйесі. БРТ әуежайды, «ЭКСПО» қалашығын, Әбу Даби Плазаны және жаңа теміржол вокзалын қосатын болады.

Жаңа жүйе бетон жабынды арнау­лы трассадан, тіршілікті қамтамасыз ету кешендерімен жабдықталған жабық стансалардан, қауіпсіздік жүйелерінен, жолақысын электронды төлеу құрылғыларынан, эскалаторлар мен лифтілерден, сондай-ақ депо мен жылжымалы құрамнан тұрады.

Негізгі жолдан бөлек салынатын БРТ автобустары жүретін арнаулы жолдар жабық жолаушылар стансаларымен және жерас­ты өткелдерімен жабдықталады. Нақтыланған қозғалыс уақыты аралығында бағыт ерекшелігіне сәйкес жолаушылар сыйымдылығы аса үлкен автобустар жүретін болады. Жолақысын төлеу және тексеру метродағы төлем жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Сағи ОРАЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − eight =