©2020 Астана Ақшамы
Жүйрік қыздар жүлдесіз қалды
Кеше 1500 метрге конькимен жүгіру жарысына қатысқан Қазақстан споршылары жүлдегер қатарынан көріне алмады.
Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын көтеріп шыққан үздік спортшыларымыздың бірі Екатерина Айдова үздік үштікке кіре алмады. Ал әлемнің төрт дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері голландиялық Антуанетта де Ионгпен бір жұпта жүгірген Надежда Морозова да финалдық айналымға шыға алмай, медальден күдер үзді. Биатлон бәсекесінде Галина Вишневская да бірінші жарысында 89 қатысушының арасынан мәре сызығын 44-ші болып кесті.