ЖҮГІНІСОВ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

0 202

_1462_

«Балалар Жаңа толқын – 2014» халықаралық му­зыка байқауына еліміздің атынан қатысқан 10 жас­­ар Мұхаммедәли Жүгінісов үшінші орынды же­ңіп алды деп хабарлады Tengrinews.kz. сайты.

Мұхаммедәли үшінші жүлдені Беларусь елі атынан сынға түскен Руслан Асланов пен украиналық София Волошаненкомен бөліскен. Оларға жүлделерін ресейлік белгілі әнші Нюша мен КСРО Халық әртісі Лев Лещенко табыс етті. Байқаудың Гран-приі Украинаның намысын қорғаған Андрей Бойкоға бұйырды. Екінші орынды қос дуэт – итальян Мартин мен Кьяре Скарпари, ресейлік Полина Богусевич пен Екатерина Манешина жеңіп алды.

Атап өтейік, Мұхаммедәли Жүгінісов бұған дейін еліміздің астанасында өткен «Аялаған Астана» фестиваліне қатысып, бас жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Жүлделі орындардан жиі көрініп жүрген жас әнші шығармашыл отбасында дүниеге келген. Оның анасы – Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрының әртісі болса, әкесі – продюсер.

Жыл сайын өткізіліп отыратын «Балалар Жаңа толқыны» байқауында Гран-при жүлдесін қазақстандық балғындар Ақтоты Әжіғұлова мен Лаура Артелбектен құралған «А-Лау» дуэті 2008 жылы иеленген болатын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 15 =