Жоспарлы қабылдау мен науқасты қарау тоқтатылады

0 47

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бүгіннен бастап елорда емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады.

Дәлірек айтқанда: ересектер мен балаларды профилактикалық қабылдау, оның ішінде скринингтер, жоспарлы стоматологиялық, оңалту қызметтері, денсаулық мектебі, медициналық-әлеуметтік қолдау, МӘС құжат рәсімдеу, күндізгі бөлімнің жұмысы, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жолдама беру, тәуліктік және күндізгі стационар бар. Сонымен бірге мамандардың жоспарлы консультациялық көмек көрсетуі онлайн форматқа ауыстырылады. Диспансерлік тіркеуде тұрған азаматтарға қажетті рецепт онлайн беріліп, дәрі-дәрмекті үйге жеткізіп береді.
Сондай-ақ халықты вакцинациялау екпенің ұлттық күнтізбесі бойынша жоспарлы түрде жүргізіледі. Жүкті әйелдерді қабылдау, УДЗ скрининг жүргізу штаттық режимде қалады.Қала емханалары тек шұғыл және КВИ белгілері бар науқастарды ғана қабылдайды. Коронавирустың ауру белгілері жоқ адамдарды емдеу үшін медицина қызметкерлері бейнеқоңырау және байланыстың басқа да арналарын пайдалану арқылы азаматтардың денсаулығын қадағалап отырады және инфекцияның симптомсыз түріне қатысты мәселелер бойынша консультация өткізеді. Ауру белгілері байқалған бойда оларды ауруханаға жатқызады.
Кешеден бастап елордада қосымша 200 орындық стационар дайындалды. Қажеттілік туындаған жағдайда басқа да ұйымдар стационар ретінде бейімделед

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × two =