Жоспарлы емдеуді қайта бастайды

0 12

Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар медицина мекемелері жоспарлы түрде емдеуге қайта кірісті. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысында мәлімдеді.Қабылданған карантин шаралары мен емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейту медицина мекемелері мен қызметкерлеріне жүктемені айтарлықтай азайтты. Осылайша жоспарлы емдеу №1 және №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасында, №2 қалалық көпсалалы ауруханада қайта жанданды. 3 тамыздан бастап қаладағы емханалар да жоспарлы емдеуді жалғастырады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × five =