ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГIЗIЛЕДI

0 127

Елорданың Мемлекеттiк рәмiздер Алаңындағы Мемлекеттiк Ту жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргiзiлуiне байланысты тұғырынан уақытша алынды.

Бұл туралы журналистерге Есiл ауданы әкiмдiгi Өндiрiстiк техникалық бөлiмiнiң бастығы Қуандық Хусниддинов мәлiмдедi.
Естерiңiзге салайық, 2009 жылы Астана күнi мерекесi қарсаңында «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенi маңындағы алаңға қорғанды қоса алғанда биiктiгi 111 метр жалаусап орнатылып, оған Мемлекет басшысы ауданы 15х30 метр болатын Мемлекеттiк Туды көтерген едi.
Тұғырдың құрылыс жұмыстарын бастапқыда түрiктiң «Сембол Иншаат» компаниясы жүргiздi. 2011 жылдан бастап тұғырдағы Туды қадағалау жұмыстары Есiл ауданы әкiмдiгiнiң қарауына өттi.
Бөлiм бастығының айтуынша, орнатылғанына үш жыл болған тұғырдың тозығы жеткен. Нысанның 80 пайыз бөлiгi жөндеудi қажет етедi. Бұған керектi жабдықтардың барлығы жеткiлiктi. Ауа райының құбылмалылығына байланысты жөндеу жұмыстарын кiдiртiп тұрған мамандар бүгiннен бастап iске кiрiспекшi.
5-7 күнге созылатын жөндеу жұмыстарынан соң, Мемлекеттiк Ту тұғырына қайта қонатын болады.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven + 7 =