ЖӨНДЕУ КҮТІП ҮЙЛЕР ТҰР

0 128

IMG_2810

Елордамызда маусым айында 19 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді.

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне Қала өмірі тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімі хабарлады.

Қазіргі таңда тұрғындардың жалпы жиыны өткізіліп, тозығы жеткен үйлерінің іші-сыр­тын жаңалауға жаппай келісімі алын­ған. Сәйкесінше, техни­ка­лық сараптама жасалып, жобалық-сметалық құжаттары бекітілді.

Сонымен қатар, «Өркен қала» ЖШС бағдарламасымен пәтер иелерінің қайтарымды қаржысына Бөгенбай батыр көшесіндегі 21, 21-а-үйлер және Т.Бигелдинов көшесіндегі
50-інші, Қ.Рысқұлбеков көше­сіндегі 7-үйдің жеделсатылары қайтадан жабдықталмақшы.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығын жаңғырту бағдарламасы Астанада 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Ол бойынша тұрғындарға мемлекеттен пайызсыз қар­жылай қолдау көрсетіледі. Ал, оны тұрғындар «Астана-БЕО» ЖШС арқылы ай сайынғы төлеммен біртіндеп өтейді. Қайтарылған қаржыны осы жұмысқа маманданған «Өркен қала» мекемесі басқа нысандарды жөндеуге жұмсайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 2 =