ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МІНДЕТТЕРІ

0 182

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізді жаңғыртудың негізгі бес басымдығын айқындап берді. Осыған орай өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Жолдауды жүзеге асыру шараларына тоқталып, министрліктер мен ведомстволарға бірқатар тапсырмаларды берді.bez-imeni-1

ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ

Елбасы бірінші басымдық ретінде экономиканың жедел­детілген технологиялық жаң­ғыртылуын атап көрсетті. Бұл жерде негізгі мақсат – сандық технологияларды қолдану ар­қылы дәстүрлі секторлар мен қызмет көрсету саласында жаңа индустрияларды өркен­дету болып отыр. Дәлірек айтсақ, 3D-принтингті, онлайн-сау­даны, мобильді банкингті, цифрлық қызмет көрсетуді денсаулық сақтау және білім беру салаларында дамыта түсуіміз керек.
«Жаңа технологиялардың бизнес модельге жедел таралуы бүгіннің өзінде аталған салаларды реттеудің жаңа талаптары қажет екенін көрсетіп отыр. Бұл үшін Мемлекет басшысы «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және заңнаманы ІТ техноло­гиялардың дамуына сәйкес бейімдеуді тапсырды» деген Бақытжан Сағынтаев бұл жұмысты ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен мүдделі ведомстволарға жүктеді.
Үкімет басшысы, әсіресе, ауылдарды 2020 жылға дейін оптикалық-талшықты инфра­құрылымға қосуды ерекше бақылауға алу керектігіне назар аударды. Сондай-ақ, инновацияларды қолдау мен оларды өндіріске жедел енгізудің маңызын атап өтті. Осыған байланысты «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымының базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркі құрылу қажеттігін айтып, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен өзге де бірқатар мемлекеттік орган­дарға технопаркті құру мәселе­лерімен айналысып, салықтық жеңілдіктерге, жеңілдетілген визалық және еңбек режиміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заңнамалық қолдау тетіктерін әзірлеуді тапсырды.
Елбасы Назарбаев Универ­ситеті мен «Алатау» инно­вациялық технологиялар паркі базасында өзіміздің ғылыми және инновациялық әлеуе­ті­мізді дамытуды тапсыр­ғанын жет­кізген Б.Сағынтаев ҚР Білім және ғылым министрлігі аталмыш тапсырманы іске асыруға қажет шараларды қолға алу керектігін айтты.

ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ МЕЖЕСІ

Мемлекет басшысы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруді, бұл жерде Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жап­пай енгізуге сүйенуді, осы­ның ішінде автоматтандыруды, роботтандыруды, жасанды интеллекті, «ауқымды мәліметтер» алмасуды алға жылжытуды тапсырған болатын.
«Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін прак­ти­калық тұрғыда енгізудің негізгі бағыттарын анықтау қажет. Соның ішінде бұл ба­ғыттар экономиканың өнер­кәсіптік және инфрақұ­ры­лымдық секторларында қанат­­қақты жоба­ларды іске асыр­ғанда айқындалуы тиіс. Инвес­тиция және даму, Энергетика, Ауылшаруашылығы министр­ліктеріне 2025 жылға дейін базалық салаларды тех­нологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын» деді бұл жөнінде Б.Сағынтаев.
Қазақстан Президенті Индус­трияландыру бағдарламасын іске асыру аясында 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты екі есе арттыру мақсатын қойды. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомствоға шоғырландыру қажеттігіне, экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керектігіне назар аударды. «Сол мақсатта Қазақстан тауарларын шетелге жеткізерде сауда кедергілерін жоюда және мониторинг жүргізуде белсендірек болуымыз тиіс» деген ҚР Премьер-министрі 1 қыркүйекке дейін Бірыңғай экспорт стратегиясын қабылдау керектігін айтты.

ҚҰРЫЛЫС СЕКТОРЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ АРТАДЫ

Қазақстан Президентінің Жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа драй­веріне айналуы керектігі туралы айтылған. Әлемнің азық-түлік нарығында өзіміздің орнымызды алуға әлеуетіміз жеткілікті екенін жеткізген Премьер-министр әсіресе, экологиялық таза тағамдарды шығарудағы мүмкіндігімізге тоқталды. Соның ішінде «Made in Kazakhstan» бренді дегенде экологиялық өнімдер ойда тұру керектігіне назар аударды.
Бұған қоса Мемлекет басшысы Жаңа еуразиялық логис­тикалық инфрақұрылым құру міндетін қойды.
Елбасы құрылыс секторын әрі қарай дамыту мақсатын қойғанына тоқталған Премьер-министр бұл үшін қажет база бар екенін, биылдан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастағанын, оны жүзеге асырудың принциптері мен механизмдері анықталғанын айтып өтті.

АДАМИ КАПИТАЛ ҚАЛАЙ ЖАҚСАРАДЫ?

Алдағы ауқымды міндеттердің бірі – Еңбек нарығын жаңғырту. Осы мақсатта әкімдер ірі кәсіпорындарымен бірлесіп, қимылдау керек. Бұл орайда Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен әкімдерге жұмыспен қамту орталықтарын реформалап, бос жұмыс орындары бойынша бірыңғай онлайн-платформа құру тапсырылды.
Сонымен қатар бұл ми­нистр­лікке 1 шілдеден бастап зей­нетақыны, бір реттік жәрдем­ақыны, бала тууына байланысты жәрдемақыны көтеру бойынша Елбасының тапсырмасын мүлтіксіз орындалуын бақылау, 2018 жылдың 1 шілдесінен бас­тап базалық зейнетақыны жаңа әдістеме бойынша тағайын­дауды қамтамасыз ету, күнкөріс деңгейін қайта қарау, 2018 жылғы 1 қаңтардан бас­тап атау­лы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс ше­гінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматын енгізу керектігі тапсырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев Жол­дау­да екінші басымдық ретінде бизнес-ортаны түбегейлі жақ­сарту және кеңейтуді тапсырды. «Бұл міндеттің нәтижелігі әкімдердің жұмысына тікелей байланысты. Әр әкім жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық бизнесті дамыту бойынша шаралар кешенін қабылдауы қажет. Жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны Үкімет пен әкімдер жұмысын бағалаудың басты критерийлерінің біріне айналатынын атап өтті» деген Үкімет басшысы осыған байланысты атқарылар жұмысқа жауапты органды белгіледі.
Жекешелендіру мәселесіне тоқталған Премьер-министр: «Біз 2020 жылға дейін жеке­шелендіруге жататын кәсіп­орындардың тізімін анықтадық. Президент бұл тізім­дегілердің жекешелендіруін 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Осы орайда ағымдағы жылдың ақпан айының аяғына дейін әр нысан бойынша жекешелендіру мерзімін қайта қарауға тиістіміз. 2018 жылдың аяғына қарай ІРО-ға шығаратындарымызды қоспағанда жекешеленбеген нысан қалмау керек» деді Б.Сағынтаев.
Жолдауда макро­эконо­ми­калық тұрақтылық үшінші ба­сымдық болып көрсетілді. Мұндағы міндеттерге тоқ­талған Премьер-министр министр­ліктер мен ведоство­ларға сәйкес тапсырмаларды берді.
Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсартуға келсек, мұнда Қазақстан Президенті ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиістілігіне назар аударды.
«Білім және ғылым ми­нистрлігіне, әсіресе, ауылдарда оқытудың сапасын жоға­рылату бойынша ұсыныс­тарды дайындауды тапсырамын. Білік­тілігі жоғары педагог­тардың тап­шылығынан, Елбасы ағылшын тілін кезең-кезеңімен енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ақысыз негізде кәсіптік-техникалық білім жобасы іске қосылуда. Бұл жерде жаңа экономика секторларына кадр дайындауға басымдық беруіміз керек. Жоғары білім жүйесінде де білім беру сапасын бақылаудан шығармауымыз қажет. Әсіресе, жеке қолдағы жоғары оқу орындарын назарда ұстауға тиістіміз» деген Б.Сағынтаев Білім және ғылым министрлігіне тапсырмаларды жүктеді.
Ағымдағы жылдың шілдесінде Міндетті медициналық са­тандыру жүйесі енгізіле бас­тайды. Денсаулық сақтау ми­нистрлігіне аталмыш жүйе жұмысының алғышарттарын жасау тапсырылды. Сондай-ақ, аталмыш министрлікке дәрі-дәрмек бағасын реттеу бойынша заңнамаға өзгерістерді енгізу әзірлеу жүктелді.
Үкімет басшысы институ­ционалдық өзгерістерге, қауіп­сіздікке және сыбайлас жем­қорлықпен күреске бағытталған Жолдаудағы бесінші басымдық бойынша да атқарылуы тиіс жұмыстарды тарқатып, тиісті тапсырмаларды берді. Жолдау бойынша қимыл-әрекеттің Жалпыұлттық жоспарын әзір­леп, 7 ақпан күні өтетін Үкімет отырысында оны талқылап, қабылдауды тапсырды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 5 =