Жолдауда қамтылған мәселелер талқыланды

0 38

Кеше елордада белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, азаматтық сектордың көшбасшылары Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында қамтылған мәселелерге қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Талқылауға қатысушылар ең алдымен әлеу-меттік мәселелерге, соның ішінде экология, еліміздің батыс өңірлерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету, Қазақстанда атом электр стансасын салуға назар аударды.

IA5A5673
IA5A5659
IA5A5652
IA5A5653
previous arrow
next arrow

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов ҮЕҰ-дардың мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттарын қоғамға түсіндірудің қозғаушы күші екенін атап айтты. Ол ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі жалақының, шәкіртақының, зей-Кеше елордада белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, азаматтық сектордың көшбасшылары Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында қамтылған мәселелерге қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Талқылауға қатысушылар ең алдымен әлеу-меттік мәселелерге, соның ішінде экология, еліміздің батыс өңірлерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету, Қазақстанда атом электр стансасын салуға назар аударды. нетақының индексациясына әсер етіп, қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына септігін тигізетінін жеткізді. Өзара әңгіме барысында Д.Бабамұра-тов Президент 1000 жаңа мектеп салу мәселесін дер кезінде көтергенін атап өтті. Елордада жаңа оқу жылының ба-сында 8 мектеп ашылды. Қала басшысы А.Көлгінов жыл соңына дейін тағы 7 жалпы білім беретін мектеп құрылысын аяқтауды міндет етіп қойды. Осылайша бас қалада 2021 жылы 15 мектеп бой көтереді. Олардың әрқайсысы бір ауы-сымда 1200 оқушыны қабылдай алады. Сондай-ақ құзырлы мекеме басшысы қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен, арзан ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету негізгі басымдық берілген міндеттер болып қалатынын мәлім етті. Азаматтық бастамалар орталығының жетекшісі Махаббат Еспенова Жолдау-да қарапайым халық шешімін күткен өткір әлеуметтік мәселелер көрініс тап-қанына тоқталды. «Жолдаудың біздің жұмысымызға қатысы болатыны сол, біз көбінесе халықтың осал топтарымен жұмыс істейміз. Оларға кәсіпкерлік, экономика негіздерін оқытамыз. Жол-даудың маңызды бөлігінің бірі – саяси модернизация және адам құқықтарын қорғау. Қазақстанға келіп жұмыс істей-тін әрбір адам өзінің құқықтары толық қорғалатынын сезінуі тиіс. Сондай-ақ біз аймақтық саясатты жетілдірумен де айналысамыз. Азаматтық бастамалар орталығы мемлекет, халық және бизнес арасындағы өзара іс-әрекетті нығайтуды мақсат етеді. Яғни біз қалалардың даму жоспарына, бағдарламаларды іске асы-руға, олардың нәтижесін біліп, талдау жасауға толық қатыса аламыз» деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 12 =