Жолдау маңыздылығын талқылады

0 18

Елордада «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимылдар кезеңі» Жолдаудың әлеуметтік басымдықтары» атты дөңгелек үстел өтті. Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Серікбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында әлеуметтік бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Президентіміз негізгі басымдықты әлеуметтік салаға, кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға арнады. Сонымен қатар, азаматтардың барлық конструктивті сауалдарын жерде қалдырмайтын, тыңдаушы мемлекет концепциясын іске асыру – Қазақстан Президенті қойып отырған осы міндетті орындауда азаматтық қоғамды жұмылдыру маңызды саналады. Бұл ретте елордада азаматтарды қабылдау жүйесі жүйелі жолға қойылды. Былтыр 11 мыңнан астам адамға әкімдік басшылары тарапынан жеке қабылдау өткізді» деді Нұрбол Серікбеков.
Елордада бүгінде жұртшылықпен кері байланыс орнату мақсатында «Жанұя» отбасын қолдау институты орталығы жұмыс істейді. Бұған қоса елордалықтардың әл-ауқатын көтеру үшін атқарылып жатқан жұмыс­тарды: баспана мәселесі, денсаулық сақтау және білім беруді жақсартуға байланысты жүйелі жұмыстар қолға алынған. Жиынға қатысқан Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай «Аңсаған сәби» бағдарламасының маңыз­дылығы, ұстаздар еңбегі жайлы өз ойын білдірді.
«Өзім айрықша айт­қым келетіні – «Аңсаған сәби» бағдарламасының қолға алынуы қуантып отыр. Бұл іс бүкіл дүние­жүзінде проблема ретінде көтеріліп жүр. Көптеген ұлт халқы санының азаюынан жойылып кету алдында тұр. БҰҰ-ның және Мемлекет басшысының айтып өткеніндей, болжам бойынша Қазақстан да – осындай қауіпке ілігуі мүмкін мемлекеттердің қатарында. Сондықтан «Аңсаған сәби» бағдарламасына көңіл бөлініп, қомақты қаржы аударылуы қатты қуантады. Мұны халыққа жақсылап түсіндіру қажет» деді Бас редакторлар клубының президенті.
Сонымен қатар пандемия кезіндегі қала тіршілігі туралы пікірлер ортаға салынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 − 1 =