Жолдау 2021: Тәуелсіз ел жастары – Ұлы дала елінің тірегі

0 58

 1 қыркүйек Білім күні барша халықтың дәстүрлі мерекесі болып табылады. Оқушылар мен студенттер, білім және ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, профессорлар қауымы мен барша қызметкерлер үшін 1 қыркүйек жаңа бастамалар, жаңа ізденістер мен жаңа идеялар, болашаққа деген жаңа бағдарлармен сипатталады. Осы күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етуі де кездейсоқ емес деп ойлаймыз.  Президентіміздің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында  пандемиядан кейінгі кезеңдегі елдің экономикалық дамуын қалпына келтіру мен болашақтағы дамуына, білім және ғылым жүйесінің алдында тұрған бірқатар маңызды және өзекті міндеттерді шешуге бағытталған негізгі мәселелерді атап өтті.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы – жастардың қолында. Сәйкесінше, заманға сай болып, бәсекелестікке төтеп бере алатындай болу үшін жаңа әдістемелерді, технологияларды игерген, жаңаша ойлайтын білімді жастар қажет. Сондықтан, Мемлекет басшысы ел жастарына әлемдік деңгейдегі білім алуына барынша жағдай жасап келеді. Үкімет жастарға тағы бір мүмкіндік берді, яғни академиялық дәрежені арттыру үшін магистратура мен докторантураға жылына екі рет құжат тапсыруға болады. Бұл болашақ ғалымдардың санын арттыруға, ғылымның сапасын жоғарылатуға жасалып отырған керемет қадамдардың бірі деп ойлаймыз. Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай: «Біз білім – ғылым – инновация үштігі басқаратын постиндустриалды әлемге жылжып келеміз», осыған сәйкес озық білім мен ғылымды, жаңа технологияларды игерген жастар – еліміздің ертеңгі тірегі. Біздің мақсатымыз – студенттерімізге тиісті мамандықтарына сәйкес білім беріп қана қоймай, оларға адамгершілік тәрбиесін,  патриоттық тәрбие мен рухани тәрбие беріп, Ұлы Дала елінің қасиеті мен мүддесін бағалайтын, қолдайтын азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.

2021 жылдың 5 ақпан күні болған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында: «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы бастаманың жалғасы ретіндегі бағытта Жолдауда ғылымға ынтасы бар оқушылар мен олардың жетекшілерін материалдық ынталандыру мәселесі көтерілді. Алдағы уақытта, халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алған талантты балаларымызға 4,5 млн тенге көлемінде ақшалай марапат берілетін болды. Мемлекет басшысы ел дамуындағы ғылым саласының түйткілдерін шешу туралы айтты. Алдағы уақытта қолданбалы және іргелі зерттеулерге арналған мемлекеттік гранттық қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін өсіру белгіленді.

«Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру», яғни цифрландырудағы негізгі мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, қайталауларды, тиімсіз шығыстарды және бюрократияны жою, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің студенттеріміз, болашақ мамандарымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылықтарына қол жеткізудің құралы ретінде қарауымыз керек. Осы ретте, жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында цифрлық даму бағытында көптеген жаңа, инновациялық оқу бағдарламалары қолданысқа енгізілгенін атап өткіміз келеді. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Экономика» кафедрасы бойынша бакалавриат деңгейінде «6B04109 – Цифрлы экономика», магистратура деңгейінде «7М04143 – Цифрлы экономика», «7М04144 – Ақылды қала» оқу бағдарламалары жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған басты міндеттерді жүзеге асыру мақсатында университетімізде кешенді жұмыстар жоспарланып отыр.

Андабаева Г.К.,
Даулиева Ғ.Р.
э.ғ.к., доценттер әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті «Экономика» кафедрасы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + one =